БҰҰ Қазақстаннан неге еріктілер іздеп жатыр?

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен БҰҰ халықаралық еріктілерді қабылдайды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Волонтерлер ұзарту мүмкіндігі бар 1 жылдық келісім-шартпен Кения, Таиланд және Түркиядағы БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелеріне жолданады.

Өтініш берушілердің тәжірибесі мен жасына байланысты жастар және мамандар санатындағы 7 позиция қолжетімді. Волонтерлерді іріктеу бойынша барлық рәсімдер БҰҰЕ регламентіне сәйкес 14 ақпанды қоса алғанда жүзеге асады.

"2019 жылы ҚР үкіметі мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасы арасында қазақстандық волонтерлердің БҰҰ халықаралық волонтерлері ретінде қатысуын көздейтін келісім жасалған. Бағдарлама әлемдегі тұрақты даму мәселелерін шешуде және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде БҰҰ жүйесінің бір бөлігі ретінде, қазақстандық еріктілердің халықаралық әріптестерімен білім және тәжірибе алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылған", - деп жазды министрліктен.

Осы уақыт ішінде 7 қазақстандық БҰҰ құрылымының әртүрлі бөлімшесінде өздерінің волонтерлық қызметін жүзеге асырды. Келісімшарттары аяқталғаннан кейін 6 қазақстандық ерікті БҰҰ-ның дүние жүзіндегі бөлімшелерінде жұмыс істеуге шақырылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр