БҰҰ Қазақстанға тәуелсіз бітімгершілік миссиясына мандат берді

Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысады.

Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов БҰҰ Қазақстанға тәуелсіз бітімгершілік миссиясына мандат бергенін айтты.

"БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі аясында Қазақстанның позициясын бекіту мақсатында БҰҰ Жарғысының VII тарауы аясында ("Бейбітшілікке төнетін қатерге, бейбітшілікті және агрессия актілерін бұзуға қатысты іс-қимыл") Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы, Оңтүстік Судан Республикасындағы және Абьейдегі бітімгершілік миссияларына қатысу географиясын біртіндеп кеңейтуді орынды деп санаймын және жалғастыруды ұсынамын", – деді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов парламенттің бірлескен отырысында.

Осылайша Қазақстаннан барлығы 430 әскери қызметшісі (резервтегі рота, штаб офицерлері, әскери байқаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысады:

– "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлуді байқау күштеріне" (UNDOF, Сирия – Израиль);

– "БҰҰ-ның бітімге келу шарттарының орындалуын байқау жөніндегі органына" (UNTSO, Палестина – Израиль);

– "БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясына" (UNMISS, Оңтүстік Судан);"БҰҰ-ның Абьейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уақытша күштеріне" (UNISFA, Судан).

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған