БҰҰ Бас хатшысы Таяу Шығыстағы шиеленіске алаңдаушылық білдірді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, қазіргі шиеленісті «қауіпті эскалация» деп бағалады. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайтында хабарланды.

Фото: media.az

АЛМАТЫ, NEGE. Бас хатшы АҚШ тарапынан Иранға жасалған әскери әрекеттердің халықаралық қауіпсіздік пен аймақтық тұрақтылыққа елеулі қатер төндіретінін атап өтті.

– Қазіргі ахуал бақылаудан шығып кету қаупіне ие. Бұл жағдай аймақ халқы мен бейбіт тұрғындарға, сондай-ақ бүкіл әлемге ауыр зардап әкелуі мүмкін. Мемлекеттер БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларын бұлжытпай орындауға міндетті. Қақтығысты бәсеңдету – қазіргі кезеңдегі басты мақсат. Бұл дағдарыстың әскери шешімі жоқ. Алға бастайтын жалғыз жол – дипломатиялық диалог. Жалған емес, шынайы үміт – бейбітшілік, – деді Гутерриш.

Сонымен қатар ол «хаос спиралін болдырмауға» шақырып, жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, АҚШ бұған дейін Иранның ядролық нысандарына соққы жасап, бұл операцияны экс-президент Дональд Трамп «сәтті өтті» деп бағалаған еді. Кейін Трамп АҚШ күштері Иранның уран байыту инфрақұрылымын толығымен жойғанын мәлімдеп, халыққа ресми үндеу жасады.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ