БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келеді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия елдерін аралайды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Антониу Гутерриш 29 маусымда Ташкентке, одан әрі Қырғызстанға, Қазақстанға, Тәжікстанға және Түрікменстанға барады.

«БҰҰ Бас хатшысы әр елдің мемлекет басшыларымен және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізіп, климаттың өзгеруіне қарсы жобалармен танысады, белсенді жастармен кездеседі», - деп жазылған хабарламада.4 шілдеде Астанада Антониу Гутерриш Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып, сөз сөйлейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан төрағалық етеді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды