Бутик тонаған жігіттің әрекеті жұртты күлдірді (видео)
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған ұрының видеосы Instagram-дағы Vorkzonline парақшасында жарияланды.
Алматы, NEGE. Желіде тараған видеода жас жігіттің бутик тонап жатқаны түсіп қалған. Ол бетін де бүркемеген. Айна алдында емін-еркін шашын тарап, қолына ілінген заттарды алып жатыр.
Өзіне керектілерді алған соң ұялы телефонын сол жерге абайсызда қалдырып кеткен. Бейнежазбадағы жігіттің кім екені әлі де анықталған жоқ.