Бұрқасынға байланысты бірқатар республикалық тас жол жабылды

Ауа райына байланысты республикалық жолдар жабылды.

Алматы, NEGE. Күн райының қолайсыздығы салдарынан республикалық тас жолдарда қозғалыс шектелді. Атап айтсақ, «Самара – Шымкент» тас жолының Ақтөбе облысынан Түркістан облысына дейінгі аралықта көлікпен жүруге болмайды. Сондай-ақ бұрқасынға байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының Қарағанды облысына дейінгі бөлігі жабылды.