Бұрқасын, көктайғақ: алдағы күндерге арналған ауа райы

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы қандай?

Алматы, NEGE. Қазгидромет 28-30 қазан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын жариялады. Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жел күшейіп, елдің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ болады. 28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Батыста ауа температурасы түнде -5... 6°C-тан 0... 8°C-қа дейін құбылады. Ал күндіз 5... 15°C болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте түнде -3...-8°C-тан -3... 5°C-қа құбылады, күндіз 0... 8°C болуы мүмкін. Орталықта түнде ауа температурасы -5...-10°C-тан жоғарылайды, күндіз 0°C-тан -10°C-қа дейін құбылады. Шығыста түнде 0...-7°C-тан 0...-5-ке дейін ауысады, күндіз 5-15°C жылы. Оңтүстікте түнде -5... 8°C шамасында болады, күндіз 7... 15°C жылы болады деп болжанды. Елдің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы төмендейді, күндіз 10-18°C-тан 7-15°C аралығында құбылады.

Ірі қалалардағы ауа райына келсек, Нұр-Сұлтанда 28-29 қазанда күн бұлтты, түнде -1...-3°C, күндіз 5... 6°C жылы болады. 30 қазанда қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде 2, күндіз 4°C көрсетеді. 28 қазанда Алматыда күн бұлтты, түнде 6°C, күндіз 13°C жылыны көрсетеді. 29-30 қазанда жаңбыр жауады, түнде 5... 6°C, күндіз 10... 11°C жылы болады. Шымкентте 28-29 қазанда жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде 4... 6, күндіз 9... 11°C көрсетеді. 30 қазанда күн ашық, түнде 2°C, күндіз 15°C болады.