Бұрынғы жеңгетайлар мен жезөкшелер балаларды ArtSport бағдарламасы бойынша жаттықтырып келген
Қазақстанның алты облысында жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін соттылығы бар адамдар «Art Sport» бағдарламасы бойынша жұмыс істеген. Мәжілісте өткен жиын барысында депутат Нартай Сәрсенғалиев осылай деді.
Алматы, NEGE. Еліміз бойынша мұндай 20 жағдай тіркелген.
«Бұрынғы жезөкшелер мен сутенерлер біздің балалармен қалай жұмыс істеген? Мемлекеттік органдар қайда қарап отырды? Психологтар балалармен жұмыс жүргізді ме? Балаларға оларды бұрынғы қылмыскерлер жаттықтырғанын қалай түсіндіруіміз керек?» – деп мәжілісмен Бас прокуратура өкілдеріне наразылығын білдірді.
Бас прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің аға прокуроры Дулат Әшірбеков республика бойынша осы тектес ұйғарымдармен барлығы 38 акт шығарылғанын айтты.
43 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Жоғары лауазымды шенеуніктерден осы жұмысты қадағалайтын вице-министр мен комитет басшысы орындарынан кетті.
Әшірбековтың айтуынша, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында бұрынғы притон ұйымдастырушылар балалармен жұмыс істеген.