Бұрынғы вице-министрлерге қатысты іс үшінші рет сотқа түсті

2018 жылы бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды» деп айыптаған. Содан бері үш жылдан астам уақыт өтсе де, іске нүкте қойылған жоқ.

Естеріңізге салайық, 2018 жылы наурызда энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековтің ұсталғаны белгілі болған. Сол жылы маусым айының басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тағы бір вице-министр Бақытжан Жақсалиевтің үйқамаққа алынғанын хабарлады. Сәдібеков «бюджет қаржысын ұрлады» деп айыпталса, Жақсалиев «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген күдікке ілінген. Алайда, содан бері үш жыл өтсе де, сот соңғы нүктесін қоя алмай келеді. Оған себеп жеткілікті, өйткені қылмыстық істе шикілік көп.

2019 жылдың соңында Жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы вице-министрлердің ісі сотқа өткізілгенін хабарлаған. 2020 жылы шілдеде сот қылмыстық істі прокуратураға қайтарып берді. Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 соты істі прокуратураға «қылмыстық-процессуалдық қателіктерді түзе» деп қайтарған. Енді міне, Сәдібеков пен Жақсалиевке қатысты қылмыстық іс үшінші рет сотқа өткізілгені белгілі болды.

Дереккөздің айтуына қарағанда, қылмыстық істі қозғағаудағы мақсат – Сәдібеков пен Жақсалиев емес, бұрынғы министр Қанат Бозымбаевқа қысым жасау. Мұны өткен жылы қаңтарда Сәдібековтің адвокаты Шайхина да растаған.

«Мұның бәрі бұрынғы министр Бозымбаевтың атына кір келтіру үшін жасалып жатқан болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Өйткені дәл сол кезде бас прокурор Қайрат Қожамжаров «энергетика министрлігі тарифті көтеріп жатыр» деп айыптап, министрді кінәлағысы келген. Алайда шындық үстемдік құрып, Бозымбаев бәрін түсіндіріп берді де, мәселе қылмыстық іске дейін жетпеді», – деген сонда адвокат Шайхина.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті