Бұрынғы вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиевтің соты бітуге таяды

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотында бұрынғы вице-министрлер Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековтің қылмыстық ісі қаралып жатқанына біраз болды. Қым-қуыт қылмыстық істе қарама-қайшылық көп.

Сот процесі соңына таяп, жарыссөз басталды. Прокурор соттан Жақсалиевті 8 жылға, Сәдібековті 10 жылға соттауды сұрады.

Мемлекенттік айыптаушының айтуынша, бұрынғы энергетика вице-министрлері 2014-2017 жылдары мемлекетке 2 млрд 680 млн 752 мың теңге зиян келтірген және мұның бәрі құжаттармен дәлелденген. Прокурор Жақсалиевті 8 жылға соттап, «Құрмет» орденінен айыруды, Сәдібековті 1 жылға темір торқа қамағысы келеді. Бірақ айыпталушылар кінәсін мойындаған жоқ, олар өздерін кінәсіз санайды. Бұл іс бойынша Жақсалиев пен Сәдібековтен бөлек тағы бірнеше адам айыпталып отыр.

Мәселен прокурор соттан күдікті Дуанбекті 10 жылға соттап, дүние-мүлкін тәркілеуді, Нұрбековті 9 жылға соттауды, Қадырберлин мен Жұмалиновқа 7 жылдан жаза кесуді сұрады. Ал Ғарифолланы кінәсін мойындағандықтан босату керек деп есептейді.

Естеріңізге салайық, бұрынғы вице-министрлер Б.Жақсалиев пен Ғ.Сәдібеков 2018 жылы тергеуге түскен. Оларға «Қарасу көлінің табанын тазалау кезінде жемқорлық жасады» деген айып тағылған.

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің тергеушілері қылмыстық істі тергеп болғанын үш рет мәлімдегенімен, сот істі қайта тергеуге жіберген.

Қылмыстық істе даулы мәселе көп екенін бұған дейін де жазғанбыз. Кейбір ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, бұл қылмыстық іс «үшінші тұлғаға қысым жасау тетігі» болуы да мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде