Бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - деді Л. Бюрабекова. Осы орайда ол соңғы тексеру нәтижесінде Камалжан Надыровта инфекция анықталмағанын жеткізді. Еске сала кетейік, 22 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды

Таразда оқушы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесінен алимент өндіріп алды

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты