Бұрынғы сүйіктісінің нөмірін ұрлап, кек алғысы кепті

Полиция ұрланған мемлекеттік нөмірлерді тауып, автокөлік иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Aлматы. NEGE.  29 маусым күні Қапшағай қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын үйінің ауласында тұрған автокөлігінің мемлекеттік нөмір белгілерінің ұрлағаны туралы арызданған. Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде күдікті 29 жастағы шағын аудандардың бірінің тұрғынын ұстады. Тұрғын өз кінәсін толық мойындады. Күдікті қарым-қатынастарын тоқтатқан сүйіктісінен кек алу мақсатында ұрлыққа барғанын жеткізді. Енді ұсталған әйел адам заң алдында жауап береді. Күдіктіге қатысты “Ұрлық” (ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйелге үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді