Бұрынғы судья төрт жылға сотталды

Түркістан облыстық сотының бұрынғы судьясы Әшірбек Рахымбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Бұрынғы сот төрт жылға сотталып, мемлекеттік қызметке тұру құқығынан өмір бойына айырылды.

Шымкент, NEGE. Түркістан облыстық сотының судьясы Ә.Рахымбаев пара алу кезінде ұсталғанын ең бірінші Nege.kz порталы жазған. Қылмыстық істі «оңтайлы шешіп беруге» уәде еткен судья күдіктіден төрт миллион теңге пара алмақшы болған. Ә.Рахымбаев ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігімен төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сот  үкімі әлі күшіне енген жоқ.   

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы тағайындау жеңілдеді

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады