Бұрынғы премьер-министрге қастандық жасалды

Белгісіз біреу Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге Нарадаға оқ жаудырды.

Алматы, NEGE. Киодо агенттігінің мәліметінше, оқиға Нара қаласында болған. Абэге қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Екі рет оқ атылып, сонан соң саясаткер құлаған. Агенттік оқ артқы жақтан атылып, кеуде тұсына тигенін алға тартады.

Экс-премьер ауруханаға жеткізілген, дегенмен ес-түссіз жатыр.