Бұрынғы премьер-министр 4,5 миллиард доллар ұрлаған

Малайзия соты елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакты ұлттық даму қорынан 10 миллион доллар жымқырды, – деп айыптады.

Алматы, NEGE. Агенттіктің хабарлауына қарағанда, экс-премьерге бірінші істе жеті эпизод бойынша айып тағылған. Оның ішінде биліктегі құзыретін пайдалану және ақша жымқыру бар. Күдікті кінәсін мойындамады және оның есепшотына ақшаның түсіп жатқаны туралы білмегенін айтты.

Разактың 1 Malaysia Development Berhad мемлекеттік қоры арқылы заңсыз жымқыруы – ұрлаған ақшасының ең кіші бөлігі екені аталып өткен. Прокурорлар елдің бұрынғы премьеріне қатысты есепшоттарда миллиард доллардан астам қаржы барын айтты.

Малайзия билігіндегілер мемлекеттік қордан 4,5 миллиард доллар ұрланғанын мәлімдеді. Бес сот процесінің аясында үкіметтің бұрынғы басшысына қатысты жемқорлық фактілері бойынша 42 айып тағылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді