Бұрынғы мектептің ауласынан 215 баланың мәйіті табылды

Канадада бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында көмілген 215 баланың мәйіті табылды.

Алматы, NEGE. Жергілікті ақпарат құралдары олардың арасында тіпті 3 жасар бүлдіршіндердің денелері барын хабарлайды.

Бұл сұмдық оқиға Камлупс қаласында болған. Мұндағы интернатта 1890-1969 жылдар аралығында үндістердің балалары білім алған.

Алайда тиісті мекемелер жөнді қаржыландырылмаса керек. Салдарынан оқушылар дұрыс тамақтанбай, аштық пен түрлі инфекциядан көз жұмған.

Оларды ұрып соғу деректері де жиі кездесетін. Соның кесірінен 3 мыңнан астам бала қайтыс болған екен.

Үндістер қауымы өкілдері кей жағдайда кәмелетке толмағандардың өлімі құжатта көрсетілмей қалғанын айтады.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді