Бұрынғы Қорғаныс министрі ұсталды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы, NEGE. «2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп жазылған ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылғы 20 ақпанда М.К.Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – дейді Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды