Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министріне қатысты тергеу жалғасып жатыр

Бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу жалғасып жатыр. ​Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов айтты.

Алматы, NEGE. «Ақпараттық жүйе құру үшін бөлінген 500 млн теңгеден астам қаражатты талан-таражға салу күдігіне ілінген бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Сот санкциясымен ол тұтқынға алынды, тергеу жалғасып жатыр», -деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.