Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға сот үкімі шықты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Үкімді Медеу аудандық сотының судьясы Қанат Әрінов шығарды.

Светлана Жолманова ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

С. Жолманова 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың миллиондаған теңгесін қолды қылған. Зардап шеккендердің арасында оның достары, көршілері, таныстары мен әріптестері бар.

«С. Жолманова жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы үкім шығарылсын. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын», – деді судья.

Аталған іс бойынша екінші айыпталушы Данияр Күшалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»