Бұрынғы Еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» АҚ президентінің ұсталғанын министрлік растайды. Министрлік тергеу органдарына заңда белгіленген тәртіпте көмек көрсетіп жатыр. Тергеу барысына қатысты барлық мәселелер уәкілетті органдардың құзыретіне жатады», – деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, Ақмәди Сарбасов қазіргі уақытта Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарады. Ол бұл қызметке небәрі бірнеше ай бұрын тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады