Қытайдың Сиань қаласында індет өршіп, ауруханалар қайта ашылды

Қытайдың орталығындағы Сиань қаласында ковид-19 індетін емдеуге арналған 3 аурухана ашылды.

Алматы, NEGE. Бұл орындар 3 мыңға дейін науқас қабылдайды. 13 миллион тұрғыны бар шаһар қазір індет ошығына айналған. Соңғы есеп бойынша мұнда 200-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Осыған байланысты карантин талабы күшейді. Ішкі әуе рейстері кейінге шегеріліп, пойыздар мен автокөлік жүрісіне шектеу қойылған.

Сондай-ақ барлық бұқаралық іс-шараларды өткізуге және тұрғындардың сыртқа себепсіз шығуына тыйым салынды. Азық-түлік алу үшін дүкенге 2 күнде тек бір рет баруға рұқсат етіледі. Жаппай тестілеу жұмысы жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр