Бұрын ауруханада жұмыс істеген медбике әріптесінің банк картасын ұрлап кеткен

Астаналық ауруханада бұрын жұмыс істеген медбике әріптесінің банктік картасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана, NEGE. Астана қаласы Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қалалық ауруханада бөтеннің банк картасын ұрлап, бірнеше дүкен мен кафелерде төлем жасаған 22 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жас қыздың сол жақ жағалаудағы ауруханада бұрын медбике болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол құжаттарын алуға келгенде қызметкерлер бөлмесіне еш кедергісіз кіріп, бұрынғы әріптесінің банк картасын алып кеткен. Күдікті ұрланған картамен дүкенде сауда жасаған, кафеден кофе алған, осылайша 115 мың теңгені заңсыз жұмсаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыздың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді