'Бурдж Халифа' ғимаратында Қазақстан туы көрініс берді
Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 828 метрлік 'Дубай мұнарасы' - 'Бурдж-Халифа' Қазақстан туының бейнесімен безендірілді.
Алматы, NEGE. Қазақтың көк байрағын бейнелеу - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтауы. Оның видеосы "Бурдж Халифаның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Қазақстанның әнұраны таңдалған.
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Бурдж-Халифаның" алауын жағып жатырмыз. Оларға амандық пен бейбітшілік тілейміз", - делінген видеоның сипаттамасында.