Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Өрт қаупінің жоғарылауына байланысты Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға тыйым салынды.

oq.gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі хабарлады. Хабарламада 20 маусым сағат 07:00-ден бастап Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылатыны айтылған.

«Бурабай табиғатын сақтау – әрбір келушінің жауапкершілігін талап ететін ортақ міндет. Бұл шара ұлттық парк аумағында өрт қаупінің жоғары деңгейіне байланысты енгізіліп отыр. Уақытша шектеу ықтимал өрт ошақтарының алдын алуға және Бурабайдың бірегей экожүйесін сақтауға бағытталған», – делінген хабарламада.

Табиғи парк мамандары курорт қонақтары мен тұрғындарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Сондай-ақ демалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, ұлттық парктің баламалы туристік орындарын таңдауға кеңес береді.