Бурабайда конгресс орталығы, жағажай салынады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды.

Үкімет

Астана, NEGE. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай курорттық аймағында ауқымды абаттандыру күтіліп отырғанын айтты.

Оның айтуынша, туристік инфрақұрылымды дамыту аясында курорттық аймақта 8 қарау алаңы салынады,14 туристік бағыт, Щучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады.

«Щучинск қаласында дендрологиялық паркті реконструкциялау басталады. Көпсалалы конгресс орталығы маңызды туристік объектілердің біріне және Бурабай курортының визит карточкасына айналуы тиіс»,

– деп атап өтті өңір әкімі. Ол бүгінде жер телімі анықталып, жобаны әзірлеу жұмыстары басталғанын, күзге дейін дайын болатынын айтты. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты