19 июля 2024 г. 17:19

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағындағы көлдерде судың деңгейі көтерілді

Фото: 2Гис

Гидрологиялық мониторинг «Бурабай» ұлттық паркінің аумағындағы көлдерде судың деңгейі көтерілгенін көрсетті.

Алматы, NEGE. «Бурабай» МҰТП аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Евгений Архиповтың айтуынша, 2023 жылы Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлдерде су деңгейінің төмендеуінің бес жылдық циклі аяқталған және 2024 жылы жер асты суларының көтерілуі басталған.

«2024 жылы біз су деңгейінің айтарлықтай көтерілгенін байқадық. Қазірдің өзінде Бурабай көліндегі су деңгейі 80 см-ге көтеріліп, Күркілдеуік өзені арқылы Үлкен Шабақты көліне су құйылды», - дейді Евгений Архипов.

Айтуынша, мемлекеттік қызметтер жүргізген көпжылдық режимдік бақылаулар су деңгейінің өзгеруінің циклдік сипатын көрсететінін, 5-6 жыл, 12-13 жыл, 24-25 жыл, 49-50 жыл және 100 жыл циклдары бар. 2019 жылдан бастап Ұлттық парк ғалымдары бұған қосымша дербес гидрологиялық мониторинг жүргізіп келеді.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінен атап өткендей, ұлттық парк су қоймалары жүйесінде 14 ірі және орта көлдер орналасқан. Негізінен көлдер жер асты суларымен қоректенеді, сонымен бірге жауын-шашын да маңызды рөл атқарады.