Бурабайды қоқыс алаңына айналдырған

Қазақстандық блогер Яков Федоров Бурайбайдағы ірі заңсыз қоқыс алаңын суретке түсірді.

Алматы, NEGE. «Бүгін мен Бурабайда осындай жағдайға куә болдым. Бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп айтуға тілің бармайды. Жақын маңда ауыл да, рұқсат етілген қоқыс полигоны да жоқ. Сондықтан ұлттық парктің аумағында осындай заңсыз қоқыс орындары пайда болып жатыр», – деп жазды блогер Facebook-тағы парақшасында.

Яков Федоров сурет экологиялық рейд кезінде түсірілгенін атап өтті.

«Осы аптадан бері экология министрлігінің бастамасымен рейд жүріп жатыр. Мен оған қатысуға шешім қабылдадым. Біз Бурабайдағы жабық жағажайда болдық. Барлық жерде темекінің тұқылы жатты. Адамдар көп қоқыс қалдырғаны соншалық, инспекторлар оны тазалап үлгермей жатыр. Біз осы округтегі заңсыз ірі қоқыс алаңының бірінде болдық. Бұл ұлттық парктің территориясы емес, бірақ ол қорғалатын аумаққа жатады. Бұл жерде рұқсат етілген қоқыс полигоны да жоқ», – дейді блогер.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді