Бурабай карантинге жабылды

Туристік аймақтың кіреберісіне блок-бекеттер орнатылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Көл жағасын патрульдік полиция қызметкерлері бақылап жүр. Ал, Бурабайға карантинге дейін келген азаматтар үшін арнайы хабарландырулар ілінген. Бірақ шектеу шаралары демалушылардың көңілінен шықпаған сыңайлы. Жазда отыратын орын болмайтын су жағасында қазір шағалалардан басқа тірі жан жоқ.

Айналаның барлығы ала жіппен қоршалған. Шомылуға тыйым салынғандықтан, жергілікті тұрғындар велосипед теуіп, серуендеуді ермек қылып жүр. Карантиннен кейін өзгерген тағы бір көрініс, көл жиегі қоқыстан тазарған. Жағалауға темір жәшіктер де қойылыпты. 

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді