Бүлік кезінде зардап шеккендер саны мыңнан асып жығылды

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер саны 1002-ге жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігіндегілер мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Кеше билік 911 адамның зардап шеккенін және бір адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

"Қазір зардап шеккендер саны 1002-ге жетті, бір адам көз жұмды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. 

Оның айтуынша, зардап шеккен 797 адам алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілген, ал түрлі жарақат алған 204 адам ауруханаға жатқызылған.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады