Сәбит Шонтақбаевқа елордадан үш бөлмелі пәтер берілді

Елордада 3 жасар бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевқа пәтер берілді.

 Алматы, NEGE. 8-қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды. Сәбит Шонтақпаев оқиғаның қалай болғанын айта келе, өзіне үй сыйлаған «G-парк» компаниясының басшылығына алғысын білдірді. «Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!», - деді ол. Сәбит Шонтақбаев бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында да болып үлгерді.