22 июля 2022 г. 9:37
Бүлдіршіндерге вакцина салына бастады
Бразилияда бүлдіршіндерге КОВИД-19-ға қарсы вакцина салады. Мұнда үш жастан бастап ата-аналардың рұқсатымен екпе алдыруға жағдай жасалған.
Алматы, NEGE. Мұнда үш жастан бастап ата-аналардың рұқсатымен екпе алдыруға жағдай жасалған. 13 шілдеде ұлттық санитарлық реттеуші КоронаВакты балаларға салуға болатынын жариялаған еді. Жергілікті билік қажет екпенің қолжетімдігіне көз жеткізгеннен кейін вакциналау осы аптада басталды.
Осылайша қоғамдық иммунитетті қалыптастыру ісін аяғына дейін жеткізбек. Жалпы коронавирусқа қарсы екпені Қытайдың «Синовагімен» әріптестік байланыс орнатқан, Бразилияның Бутантан институты өндіреді.