Бүлдіршіндерге тегін шеберлік сабағы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент-Цирк» мекемесінің 10 жылдығына орай цирк әртістері бүлдіршіндерге тегін шеберлік сағаттарын өткізуде.

Шымкент, NEGE. Қатысушылар шеберлік сағатында сальто, акробатика, джигитовка, фокус, заманауи бидің әдіс-қимылдарын үйрене алады. Онда әртістер әр бүлдіршінмен жеке-жеке жұмыс істеп, бір сағат бойына шеберлігімен бөліседі.

Сәрсенбіде цирк әртісі Азизбек Иристаев «5 минутта сальто» сабағын өтті. Жасөспірімдер сальто тастаудың қыр-сырын меңгеріп, жеңіл жаттығу жасаудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ, бейсенбіде Құрманғазы Ізтілеуов сиқыр әлемінің сырымен бөліссе, бүгін Ұлықбек Медешов акробатикадан дәріс бермек. Осы сынды шеберлік сағаттары арнайы кестеге сай, жиі өтіп тұрады. Шеберлік сағатының жанры мен мерзімін Шымкент-цирктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

Одан өзге, цирк ішінде «Circus Star» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге цирк өнерін кеңінен меңгеріп, манежде өнер көрсеткісі келетін 7-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Айта кетейік, өнер ұжымы 12-24 қазан аралығында «ON Цирк» жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл жолы Қырғызстан Республикасы мен Нұр-Сұлтан қаласы циркінің өнерпаздары таңдаулы қойылымдарын тарту етпек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады