Бұл Әблязовтің жұмысы: Назарбаев 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты

Оливер Стоунның Qazaq: The History of Golden Man атты жобасының екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзенде болған оқиға туралы айтып берді.

Алматы, NEGE. – Мереке кезінде алаңда тойлап жатқан адамдарға шабуыл жасау – бұл Әбләзовтің жұмысы. Қазір бәрі түсінікті, біз тексердік. Олар ақша беріп, тіпті мұнайшылардың киімін кигізіп, арақ ішкізген. Тәуелсіздік күні. Сахнада концерт болып жатты, ол жерде адамдар тұрды. Олар сахнаны қиратты.  Мұнымен тоқтап қалмай, қару табу үшін полиция кеңсесін талқандауға барды, – деді Назарбаев.

Елбасы оқиға орнына тікұшақпен барғанын және дүкендер мен полиция бөлімшерінің сол сәтте қирап жатқанын айтты.

– Түнде мен тікұшақпен ұштым. Таңертең осы жердің бәрін қарадым. Дүкендер өртенген, пошталар өртенген, полиция бөлімшелері қирап жатыр. Мен тұрғындарды залға жинауды өтіндім, – деді ол.

Фильмде Назарбаевтың Жаңаөзендегі жиында сөйлеген сөзінің мұрағаттық кадрлары көрсетілді.

– Неге Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау кезінде, бүкіл әлем ұлтымызды біліп жатқанда Жаңаөзенде осындай жағдайға тап болдық? Сол күні жазықсыз адамдар қаза тапты. Көңіл айту үшін келдім, – делінген Назарбаевтың мұрағаттағы бейнежазбасында.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде