Бұл хайуанаттар бағы емес: Колонияда отырған Қуандық Бишімбаевты не себепті халыққа көрсетпейді?

Сенат депутаты, ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Қожаевқа «колонияда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевты не себпті халыққа көрсетпейді?» деген сұрақ қойылды. 

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Қожаев бұл жағдайды азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты екенін түсіндірді. 

– Бұл хайуанаттар бағы емес. Қалаған кезіңде келіп тамашалай алмайсың. Тіпті, жазасын өтеп жатқан адамның да құқығы бар. Егер ол көрінгісі келмесе, оны мәжбүрлей алмаймыз. Ресми тұлғаларға сену керек, – деді Марат Қожаев.

Сенатордың айтуынша, Қуандық Бишімбаев Степногорскідегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы хабар тарап кеткен болатын. 

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды