«Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясы өтуде
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «World clean up day» – «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына қатысты.
Алматы, NEGE. Биыл аталған шара бүкіл еліміз бойынша өткізіліп жатыр. Шара барысында эко-белсенділер ағаш отырғызып, қоғамдық орындарда, саябақтарда және басқа да жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізуде.
Нұр-Сұлтан қаласында қатысушылар елордалық триатлон паркінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, көшелердегі қоқыс қалдықтарын жинады.
«Президентіміз Жолдауда экологиялық даму еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған басымдық екенін атап көрсетті. Соған сәйкес мемлекеттік органдарға, Парламентке, қоғамдық институттарға нақты міндеттер жүктелді. Соның аясында жыл соңына дейін елімізде Экологиялық кодекс қабылданады. Бұл құжат экологияға қатысты басқа да заңдар сияқты алдымен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен талқыланып, пысықталады», – деді Сенат төрағасы.