Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды

Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты барлық бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылады.

Алматы, NEGE. Тиісті шешім жақында коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссияда қабылданды.

«Мұнда барлық мерекелік бұқаралық іс-шаралар, спорттық шаралар сондай-ақ концерттер, фестивальдер, театр және кинокөрсетілімдер туралы айтылып отыр. Шараның қай жерде өтетіні – ашық алаңда немесе жабық ғимаратта ұйымдастырылуы маңызды емес, бәріне шектеу қойылады. Ал спорттық жарыстарды жанкүйерлерсіз өткізуге болады», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, 1 тамыздан бастап Өзбекстан аумағында той, жерлеу және басқа да отбасылық шаралар өткізудегі санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын бақылау күшейтіледі және оған қатысушылар саны 50 адамға дейін шектеледі. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл тыйымдар коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша күшінде болады.

Еске сала кетейік, 28 маусымнан бастап Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты карантиндік талаптар күшейтілді.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады