Бұқаралық ақпарат құралдары салықтан босатылады

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары қазан айына дейін салықтан босатылады.

Aлматы, NEGE. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады. 

Балаева БАҚ-қа қолдау көрсетілетінін айтты. Себебі, баспасөз жарнамадан түсетін табыстың 60 пайызынан айырылуы мүмкін.

«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында бүгін Парламент 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін еңбекке ақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босатуды қарастыратын заңнамаға түзетулерді мақұлдады. Парламент заң жобасын қабылдады, оның аясында коммерциялық теле-радио арналарды аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін босату қарастырылған», - деді министр халық алдындағы есептік онлайн-кездесуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді