1 сентября 2025 г. 9:10
Бүгін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығында ШЫҰ саммиті өтеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, NEGE. «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысушылар бірге суретке түсті. Сәлден кейін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығында ШЫҰ саммиті басталады», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 30 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына келді.