Бүгін солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын болуы ықтимал

«Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 7-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар жауады. Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын болуы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр