Бүгін күн райы қандай болады

«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 16 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

ult.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктер болжамынша, ел аумағының көп бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон сілемі әсер етеді.

— Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, — делінген хабарламада.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстігінде төменгі бұрқасынмен, батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында тұман күтіледі.