Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды.

Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы туған күнін атап өтпейді. Бұған дейін де оның отбасында балалар мен ата-аналардың туған күнін арнайы тойлау дәстүрі болмағаны айтылған. Сондықтан Президент үшін бұл күн – қарапайым жұмыс күні. Өткен жылдары Президент әкімшілігінің қызметкерлеріне құттықтаудан бас тарту ұсынылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Кемел Тоқаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі. Анасы Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген.

2019 жылғы 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, Қазақстан Президенті қызметіне кірісті. Сол жылғы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті.

2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаев қайта сайланып, сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын алды.

Қазір оқып жатыр

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды