Бүгін футзалдан Қазақстан кубогының ширек финалы өтеді

Бүгін футзалдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары болады.

Қазақстан футзал қауымдастығы

Алматы, NEGE. Жарыстың аталған сатысында сағат 15:00–де алматылық «Қайрат» «Қарағанды» командасымен кездессе, дәл сол уақытта «Атырау» мен «Тұлпар» (Қарағанды) ойнайды.

Сондай-ақ 18:00–де «Семей» мен «Елімай» (Көкшетау) шеберлік байқасса, «Аят» (Рудный) пен «Ақтөбе» өзара мықтыны анықтайды.

Олардың арасынан «Қайрат» пен «Қарағанды», «Аят» (Рудный) пен «Ақтөбе» кездесуі «QazSport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнирге барлығы 16 команда қатысып, төрт топқа бөлінді. А тобы мен D тобының ойындары Орал, B және C тобының матчтары Талдықорған қаласында өткізілді. Топтық кезең 25-30 тамыз аралығында ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты