Бүгін футболдан Қазақстан чемпионы анықталады

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының қорытынды ХХVІ туры басталады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл турдағы ойындардың барлығы сағат 14:00-ге белгіленген.

Бас жүлде тағдыры «Қайрат» пен «Астана» арасында шешіледі. Аталған турда «Қайрат» сырт алаңда «Атыраумен» кездессе, «Астана» Алматыда «Жетісуды» қабылдайды.

Сондай-ақ қола жүлдеге «Ақтөбе», «Тобыл» және «Ордабасы» командаларының бірі қол жеткізуі мүмкін.

«Ақтөбе» өз алаңында «Тұранды», «Ордабасы» «Елімайды» қабылдаса, «Тобыл» сырт алаңда «Қайсармен» ойнайды.

Тағы бір кездесуде «Қызылжар» мен «Жеңіс» шеберлік байқасады.

Еске салсақ, өткен турда «Қайрат» «Ордабасыны» жеңсе, «Астана» «Тобылға» есе жіберген еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?