Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады

Бүгін Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі толығымен «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрлықтық дода ойындары Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф,Майндағы Франкфурт, Гельзенхиркен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт секілді қалаларында өткізіледі. Әлемдік доп додасында қазылық ететін төрешілер Англия, Аргентина, Германия, Испания, Италия, Нидерланд, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Франция, Швейцария, Швеция елдерінен келген.

Алғашқы кездесу сағат 23:50-де өтеді. Алаң иелері Германия және Шотландия құрамалары шеберлік байқасады.

Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина

F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. 14-26 маусым аралығында өтетін топтық кезең ойындары 18:00, 21:00, 00:00-де басталады. Құрлықтық додада 30 маусым-2 шілде аралығында 1/8 финал ойналса, 5-6 шілдеде ¼, 9-10 шілдеде ½ финал өткізіледі. Финал 14 шілдеге белгіленген.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды