Бүгін еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 26 қазанда еліміздің он қаласында ауа сапасына теріс әсер етуі мүмкін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

aikyn.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау мен Астанада байқалуы мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар – ауа қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыстардың жиынтығы (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия). Мұндай жағдайда атмосфералық ауа сапасы төмендеп, адам денсаулығына кері әсер ету қаупі артады.

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар – желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы.

Бұған дейін синоптиктер 26 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр, тұман және екпінді жел болатынын да ескерткен.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады