Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады

Қазгидромет РМК ел аумағында 29 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

istockphoto.com

Алматы, NEGE. Дерекке қарағанда, ауқымды антициклон Қазақстан территориясының басым бөлігіне өз ықпалын сақтай отырып, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.

- Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жаууы күтіледі. ҚР шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, шығысында шаңды дауыл, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман болады, - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды