Бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауады

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 30-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

qarmaqshy-tany.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады.

Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.