28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

 Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері кәсіби мерекесі атап өтілді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл кәсіби мереке 2011 жылы Қазақстанның бұрынғы президентінің жарлығымен бекітілген. Ол 1991 жылғы тарихи оқиғаға — 28 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі “Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заң қабылдаған күнге орайластырылған.

Бүгінде Қазақстанда 5 800-ден астам БАҚ тіркелген: шамамен 4 000 баспа басылымы, 200-ден астам телерадиоарна, 90 шақты радиостанция және 1 200-ден аса онлайн-платформа жұмыс істейді.