Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК қаңтардың 18-іне арналған күн райы болжамын ұсынды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мәліметке сәйкес, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің көптеген өңірлерінде қар мен жаңбырдың жаууына ықпал етеді. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауады, ал шығыс пен оңтүстік өңірлерде нөсер жауын күтілуде.

Республика аумағында жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Кейбір аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" алдағы демалыс күндері еліміздің кей аймақтарында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді

Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады