Бүгін Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді

Астанадағы Тәуелсіздік алаңында бүгін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Салтанатты іс-шараға 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады, деп жазды kazinform.

Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Мерейтой аясындағы шеру республикалық телеарналардан, еліміздің барлық қаласында LED-экрандардан, Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде және Kazinform сайтынан тамашалауға болады.

Парадқа байланысты бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіліп, автобус бағыттары өзгереді, кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеуге жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды